Қазақстандықтар жеңілдетілген ипотека үшін жалған ажырасып жүр

none

"Толық емес отбасы" санаты бойынша жеңілдетілген ипотекалық несие алу Қазақстандағы жалған ажырасулардың бір себебі. Мұндай пікірді "Отбасы банк" АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова айтты.

Оның айтуынша, банк несие беру бойынша үш жылдық кезеңнің қорытындысына талдау жүргізген. Сараптамаға сәйкес, "толық емес отбасылар" санаты соңғы төрт жылда жылдам қарқынмен өсіп келеді.

"Қазақстанда 2017 жылы 54 626 ажырасу тіркелген. 2018 жылы олардың саны 54 797-ге дейін өсті. 2019 жылы - бес мыңға артық және 59 796-ға жетті. Коронавирус таралған кезеңде, ажырасуға өтініш беру күрделене түскенде көрсеткіш 48 мыңға дейін азайды. 2021 жылы қайта өсіп, 48 239 (ажырасқан отбасылар) болды. Біз жалған ажырасу себептерінің бірі - адамдардың кезекке тұрғысы келуінде деп санаймыз (ипотекаға пәтер сатып алу үшін - еск.). "Толық емес отбасы" бағыты бойынша ажырасу туралы куәлік жеткілікті", - дейді Ибрагимова.

Оның айтуынша, 23 қыркүйекте Үкімет қаулысы аясында толық емес отбасыларға "Шаңырақ – 5-10-20" бағдарламасы бойынша несие беріледі деген ұсыныс қолдау тапты, деп жазады Tengrinews.

"Бұлар бала тәрбиелеп отырған, бірақ жұмыс істейтін адамдар. Олар "Шаңырақ - 5-10-20" бағдарламасы бойынша алады. Айырмашылық тек еңбекақы мөлшерлемесі бойынша. Бірақ әр отбасы деңгейінде 30 000 теңге шамасында", - деп қосты Ләззат Ибрагимова.

Айдары: Найзағай 03.10.2022 69

Қатысты мазмұн