Қазақстанда Жазғы Олимпиада ойындары көрсетілмеуі мүмкін

none

"Қазақстан" РТРК" АҚ Баспасөз қызметі XXXII Жазғы Олимпиада ойындарының трансляциясына қатысты жағдайды түсіндірді.

"Токио Олимпиадасының тікелей трансляциялар құқығы Dentsu Inc. компаниясына тиесілі. "Қазақстан" телерадиокорпорациясы мен "Хабар" агенттігі" АҚ Qazaqstan, Qazsport, "Хабар" телеарналары арқылы Жазғы Олимпиаданы ел аумағында көрсету бойынша келіссөздерді 2019 жылы бастаған болатын. Тараптар әзірге ортақ келісімге келе алған жоқ", - делінген мәлімдемеде.

Ал екіжақты келісімнің ұзаққа созылу себебі құқық иесінің лицензия бағасын 2016 және 2018 жылдардағы Олимпиада ойындарымен салыстырғанда 123 пайызға қымбатқа ұсынуы екені айтылады.

"Қазіргі кезде Qazaqstan, Qazsport, Хабар телеарналары қазақстандық спортшыларды қолдау және отандық көрермендерге Олимпиададан жедел ақпарат ұсыну бойынша жан-жақты әзірлік жұмыстарын жүргізуде. Телеарналардың Ұлттық Олимпиада комитеті мен шетелдік ірі ақпарат агенттіктерінен фото,-видеоматериалдар алу мүмкіндігі қарастырылған", - делінген мәлімдемеде.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Айдары: Найзағай 19.07.2021 40

Қатысты мазмұн