Қазақстанда тағы бір қаржы пирамидасы әшкере болды

none

Қазақстанда бір жыл бұрын Павлодар облысында құрылған "Лидер Капитал 168" МҚҰ ЖШС қызметінің жолы кесілді. Қаржы мониторингі агенттігі баспасөз қызметінің мәліметінше, "Лидер Капитал 168"-де қаржы пирамидасының белгілері болған.

Осы уақыт ішінде 100-ден аса адам бұл ұйымға алданған. Оларға салым сомасынан 10 пайыз табыс түседі деп уәде етілген.

Қаржы пирамидасын құру дерегі бойынша соталды тергеу басталды.

"Құрметті азаматтар! ҚР Ұлттық банк түсіндірмесіне сәйкес, Қазақстан аумағында халықтан ақша тартумен тек екінші деңгейдегі банктер мен уәкілетті органның лицензиясы негізінде Ұлттық пошта операторлары айналыса алады.

ҚР Қаржы мониторингі агенттігі күмәнді компанияларға ақша салмауға шақырады. Осы ұйымның арбауына түссеңіз, мына сенім телефондарына хабарласуды сұраймыз: 8 (7182) 61-33-05, 8 702 816 01 81", - делінген хабарламада.

Айдары: Найзағай 24.02.2021 15

Қатысты мазмұн