
Қазақстанда 4 және 10 қаңтар аралығында коронавирустан 30 адам қайтыс болды.
Нұр-Сұлтан қаласы - 4
Алматы қаласы - 8
Ақтөбе облысы - 2
Алматы облысы - 4
Атырау облысы - 3
Шығыс Қазақстан облысы - 4
Жамбыл облысы - 1
Батыс Қазақстан облысы - 1
Қостанай облысы - 1
Павлодар облысы - 2
Қазақстанда барлығы 2 349 адам қайтыс болды.
11 қаңтарда Қазақстанда 692 адамның коронавирус тесті оң шықты. 25 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылды. Бір күнде 9 адам - коронавирустан, 1 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болды. Денсаулық сақтау министрлігінің 12 қаңтар таңертең хабарламасында осындай мәлімет көрсетілген.
Дүйсенбі күні Алматы қаласы тағы науқастар саны жөнінен республика бойынша алдыңғы орынға шықты. Мұнда бір күнде 110 адамға коронавирус жұққаны тестпен нақтыланған. Алматы облысында - 75, Атырау облысында - 74, Нұр-Сұлтанда - 67, Қостанай облысында - 62, Ақмола облысында - 60, Солтүстік Қазақстан облысында - 52, Батыс Қазақстан облысында - 47, Қарағанды облысында 41 адамнан коронавирус анықталған. Шығыс Қазақстан облысында - 27, Павлодар облысында - 23, Түркістан облысында - 20, Жамбыл облысында 17 адамның ПТР-тесті оң шыққан. Қалған облыстар мен қалаларда бір күнде анықталған науқастар онға жетпейді. Маңғыстау облысында науқас тіркелмеген.
Наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 163 711 адамға жеткен, 2369-ы қайтыс болған. 149 843 адам жазылған.