Қазақстанда коронавирустан өлгендер саны күрт өсті

none

Қазақстанда COVID-19 және пневмониядан қайтыс болғандар саны күрт өсті. Елде бір тәулік ішінде 31 науқас қайтыс болды, - деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

Кеше COVID-19-дан 27 адам, ал пневмониядан төрт адам қайтыс болды.

6 сәуір қарсаңында коронавирус пен пневмониядан 26 адам, 5 сәуірде 20 адам, 4 сәуірде 11 адам, 3 сәуірде 15 адам, 2 сәуірде 14 адам, 1 сәуірде 18 адам қайтыс болғаны хабарланды.

Қайтыс болған науқастар туралы мәлімет екі күн кешіктіріліп жарияланатыны көрсетілген.

Айдары: Найзағай 07.04.2021 48

Қатысты мазмұн