Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар саны 232-ге жетті

none

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы коронавирус бойынша соңғы статистикалық мәліметтерді айтты.

"Бүгінде бізде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 47 171 жағдайы тіркелген. Тәулігіне 1 452 (жаңа ауру). Өсім 3,2 пайызға жетті. Барлығы 232 науқас қайтыс болды. Тәулігіне 18 адам шамасында", - деді Цой Нұр-Сұлтандағы брифингте.

Қазақстанда өткен тәулікте 1452 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды.

Оның ішінде 924 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді.

Аймақтар бойынша (жалып/симптомсыз):

Нұр Сұлтан қаласы - 81 / 43

Алматы қаласы - 72 / 14

Шымкент қаласы - 76 / 41

Ақмола облысы - 34 / 25

Ақтөбе облысы - 36 / 21

Алматы облысы - 122 / 97

Атырау облысы - 342 / 253

Шығыс Қазақстан облысы - 149 / 98

Жамбыл облысы - 56 / 35

Батыс Қазақстан облысы - 147 / 107

Қарағанды облысы - 73 / 42

Қостанай облысы - 36 / 30

Қызылорда облысы - 30 / 13

Маңғыстау облысы - 44 / 36

Павлодар облысы - 52 / 15

Солтүстік Қазақстан облысы - 19 / 10

Түркістан облысы - 83 / 44

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 47171.

Айдары: Найзағай 05.07.2020 25

Қатысты мазмұн