Қазақстанда бір тәулікте 311 адамнан вирус табылды

none

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус жұқтырған 311 адам анықталды, оның 142-і Атырау облысында тіркелген. Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында ондаған адамнан COVID-19 табылған. Бұл туралы 19 мамырда таңертең денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Нұр-Сұлтан қаласы - 36

Алматы қаласы - 24

Шымкент қаласы - 31

Атырау облысы - 142

Қостанай облысы - 19

Түркістан облысы - 18

Ақмола облысы - 8

Қарағанды облысы - 13

Солтүстік Қазақстан облысы - 1

Батыс Қазақстан облысы - 6

Қызылорда облысы - 4

Алматы облысы - 3

Жамбыл облысы - 3

Павлодар облысы - 2

Маңғыстау облысы - 1.

13 наурыздан бері Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың жиынтығы 6751 адам жетті. 3469 науқас жазылып, 35 адам қайтыс болды.

Айдары: Найзағай 19.05.2020 42

Қатысты мазмұн