Қазақстанда Аналар күні мен Әкелер күні тойланады

none

Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің бастамасымен Қазақстандағы мерекелер тізімі «Аналар күні» мен «Әкелер күні» жаңа мерекелерімен толықты. Тиісті жарлыққа үкімет басшысы қол қойды.

Аналар күні мамыр айының екінші жексенбісінде тойланады.

Әкелер күні - маусымның үшінші жексенбісі болып бекітілді.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі атап өткендей, әлемнің көптеген елдерінде тойланатын «Аналар күні» және «Әкелер күні» ресми мерекелері отбасылық құндылықтарды кеңінен насихаттауға, отбасы мен білім институтын нығайтуға ықпал етеді.

Дереккөз: Zakon.kz

Айдары: Найзағай 02.06.2023 61

Қатысты мазмұн