Қазақстанда 8 маусымда 1000-нан астам адамнан коронавирус анықталды

none

8 маусымда 1000 адамның анализінен коронавирус анықталды. 7 маусымда 119 адамның коронавирус пневмониясына шалдыққаны белгілі болды. Сол күні 18 адам өлімі тіркелген: 15 адам - коронавирустан, 3 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмды деп айтылады.

Сейсенбі күні Нұр-Сұлтанда – 203, Қарағанды облысында – 142, Алматыда – 138, Ақмола облысында – 59, Алматы облысында – 40, Павлодар облысында – 48, Батыс Қазақстан облысында 97 адамнан коронавирус анықталды. Шымкентте – 31, Атырау облысында – 55, Шығыс Қазақстан облысында – 65, Жамбыл облысында – 17, Ақтөбе облысында – 16, Қостанай облысында – 36, Қызылорда облысында – 6, Маңғыстау облысында – 20, Солтүстік Қазақстан облысында – 11, Түркістан облысында 16 науқас тіркелген.

Індет басталғалы бері 396 832 адамның ПТР тесті оң шыққан. Қазір 21 850 адам емделіп жатыр. 4111-і қайтыс болған.

Ал 2020 жылдың 1 тамызынан бері коронавирус пневмониясына шалдыққандар 55 928 адамға жетті. 3398-і қайтыс болған. Қазір 971-і емделіп жатыр.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 538 науқастың жағдайы ауыр, 114 науқастың жағдайы өте ауыр, 81 науқас жасанды тыныс аппаратына қосылған.

Кейінгі кезде коронавирус жұқтырғандардың азайғаны байқалады. Қазір "қызыл аймақта" Нұр-Сұлтан қаласы ғана қалған. Батыс Қазақстан облысы, Ақмола, Атырау, Павлодар, Қарағанды облыстары және Алматы қаласы "сары аймақта". Қалғаны "жасыл аймақта".

Соңғы мәлімет бойынша, 2 млн 326 мың адам коронавирусқа қарсы вакцинаның кемінде бір дозасын алған. 1 млн 240 мыңына екінші дозасы да салынған. Азаматтарға ресейлік "Спутник V", қазақстандық QazVac және қытайлық Sinopharm және "Sinovac Biotech Ltd" компаниясының CoronaVac (Sinovac) вакцинасы егіліп жатыр.

Америкалық Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, індет басталғалы бері әлемде 173 млн 898 мың адамнан коронавирус анықталған. 3 млн 744 мың адам қайтыс болған.

Айдары: Найзағай 09.06.2021 39

Қатысты мазмұн