Қазақстанда 46 градусқа дейін ыстық болады деп болжанды

none

Қазақстандық синоптиктер 2023 жылғы 6-8 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Болжам бойынша, еліміздің солтүстігінде ыстықтың беті қайтса, ал кейбір өңірде керісінше қатты ыстық болады.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, күндіз өте қатты ыстық 6-7 маусымда солтүстікте, 6 маусымда орталықта болжанып отыр. Күн республиканың шығысында +41°С-қа дейін, 8 маусымда оңтүстік-шығыста +41°С-қа дейін, елдің оңтүстігінде +46°С дейін ысиды.

"8 маусымда еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде ауа райы +22+30°С-қа дейін төмендейді", – делінген хабарламада.

Болжам бойынша, Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады: найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады.

"6 маусымда батыста, 7-8 маусымда солтүстік-батыста, 8 маусымда республиканың солтүстігінде нөсер жаңбыр, бұршақ жауады деп болжанды. Тек республиканың оңтүстігінде күн ыстық болады"."Қазгидромет" РМК

Болжам бойынша, айдың басында еліміздің басым бөлігінде ыстық ауа райы сақталады.

Zakon.kz

Айдары: Найзағай 05.06.2023 31

Қатысты мазмұн