Қазақстанда 109 адам коронавирус жұқтырды

none

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі сағат 16:20-да Нұр-Сұлтан мен Алматыда жалпы саны 12 адамнан коронавирус табылғанын хабарлады.

26 наурызда таңертең және түсте министрлік аталған екі қалада жалпы саны 16 адамнан вирус табылғанын айтқан еді. Бұл 13 наурыздан бергі ең жоғары көрсеткіш.

Соңғы дерек бойынша, Қазақстанда 109 адам коронавирус жұқтырған.

Алматыда - 40 адам,

Нұр-Сұлтанда - 61 адам,

Қарағандыда - екі адам,

Шымкентте - екі адам,

Алматы облысында - бір адам,

Ақтөбе облысында - бір адам,

Жамбыл облысында - бір адам,

Солтүстік Қазақстан облысында - бір адам

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің 26 наурыздағы дерегіне сай, қазір елде 6963 адам карантинде. Оның 2164-і – ауруханада, 4799-ы – үйде.

Бұған дейін билік өкілдері Алматы мен Нұр-Сұлтанда екі адамның жазылып шыққанын хабарлаған.

Айдары: Найзағай 26.03.2020 30

Қатысты мазмұн