Қазақстанда 1 шілдеден бастап темекі қымбаттайды

none

Қаржы министрлігі фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы бұйрыққа өзгеріс енгізбекші. Бұл туралы Zakon.kz хабарлады.

Құжатқа сәйкес, 20 фильтрлі, фильтрсіз сигаретке, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға төменгі бөлшек сауда бағаларын мынадай мөлшерде бекіту көзделген:

  • 2024 жылғы 1 шілдеден бастап 2024 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда 820 теңге;

  • 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 870 теңге;

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап темекінің ең төменгі бағасы 770 теңге болды.

Құжат 10 маусымға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтына орналастырылған.

Айдары: Найзағай 27.05.2024 27

Қатысты мазмұн