Қазақстан үкіметі отставкаға кетті

none

Қазақстан үкіметі отставкаға кетті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы қаулыға қол қойды.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын. Қазақстан Республикасы Премьер-министрі міндеттерін уақытша атқару Роман Васильевич Склярға жүктелсін. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін", - делінген Қаулыда.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Temgrinews.kz

Айдары: Найзағай 05.02.2024 38

Қатысты мазмұн