Қазақстан басқа елдерден тағы 100 мың тонна қант сұрады

none

Қазақстан басқа елдерден тағы 100 мың тонна қант сұрады. Қазір өнім қоры 350 мың тоннаны құрайды. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді.

Елге қантты қосымша әкелу жөнінде келіссөз жүргізіліп жатқаны туралы сұраққа жауап берген ол былай деді: Қазір 350 мың тонна бар. Біз басқа елдерден қант сұрап отырмыз. Әлемде негізгі қант жеткізетін елдердің бірі - Бразилия, Үндістан және Вьетнам. Бірақ Үндістан да шектеді, сондықтан келіссөз жүргізіп жатырмыз».

«Бүгін қабылданған 350 мың тоннадан басқа тағы 100 мың тонна сұрадық. Қазіргі уақытта Ауыл шаруашылығы министрлігі келіссөз жүргізіп, есептеуін жасап, индикативті баланстарды сәйкестендіруде. Бұл мәселеге тағы да ораламыз» - деді министр.

15 шілдеде Беларусьте ЕЭК кеңесінің кезекті отырысы өтеді, оның аясында тараптар қант импорты мәселесін қосымша қарастыратыны белгілі болды.

Айдары: Найзағай 23.06.2022 55

Қатысты мазмұн