Қазақ мектебінде бірінші сыныпта орыс және ағылшын тілі оқытылмайтын болды

none

Қазақстан мектептерінде бірінші сыныпта бірден үш тіл оқытылмайды. Осылай деп оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, бірінші сыныпта тек қазақ тілі оқытылады. Бала орыс және ағылшын тілін үйренбей тұрып ең алдымен ана тілінде оқып, жаза білуі керек. Министр бірінші сыныпта бірден үш тіл оқыған ауыр болады деп санайды.

"Екінші сыныптан бастап орыс тілі пәні енгізіледі, үшінші сыныпта ағылшын тілі оқытылады" деді министр.

Алайда орыс мектебіне баратын бірінші сынып оқушыларына екі пән - орыс және қазақ тілі қатар оқытылады.

Осыған дейін мектептерде бірінші сыныптан үш тілді - қазақ, орыс және ағылшын тілі қатар оқытылатын. Ағылшын тілі пәні бірінші сыныпқа 2012 жылдан бастап енгізілген.

Айдары: Текемет 17.08.2022 66

Қатысты мазмұн