Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстанның зайырлы мемлекет екенін есте сақтау қажет

none

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жастарға Қазақстанның зайырлы мемлекет екенін және мұнда наным-сенімнің көзбояушылық болмауы керектігін еске салды.

"Өкінішке қарай, елімізде NEET (Not in Education, Employment or Training) жастары көбейіп жатыр - не оқымайтын, не жұмыс істемейтін. Ештеңені қаламайтын жастар. Әлеуметтанушылардың мәліметінше, жастардың 20 пайызынан көбі мектеп бітірген соң үйде отыруға мәжбүр", - дейді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, жастардың көбі қоғамдық жұмыстарға араласпайды және жастарды қолдауға арналған бағдарламалар жайлы білмейді.

"Өңірлерде жастардың ресурст орталықтары жайлы көбі біле бермейді, ол орталықтарға жастардың бес пайызы ғана барып жүр. Біздің елде ар-ұждан бостандығы бар, бірақ Қазақстанның зайырлы мемлекет екенін есте сақтау қажет. Алла Тағалаға деген наным-сенім рухани жетілуге ғана әсерін тигізуі керек, әсіресе ол көзбояушылық болмауы керек. Қоғам тарапынан бастамалар мен жобалар қажет", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айдары: Найзағай 10.12.2019 49

Қатысты мазмұн