Қарағандыдағы қайғылы оқиға: жеке басы анықталған кеншілер тізімі белгілі болды

none

Қарағандыда Костенко атындағы шахтада қаза тапқан 14 кенші жерленді. Ақпарат пен құрбандар тізімін "АрселорМиттал Теміртау" растады,

Тізімде жеке басы анықталған кеншілер көрсетілген:

  • Адампаев Ерболат Мұратұлы;

  • Шотаев Амангелді Мейрамұлы;

  • Мұсабеков Әсет Қанатұлы;

  • Жанзаков Айзат Айханұлы;

  • Алиякпаров Қуандық Серікұлы;

  • Кадиров Ринат Мубаракзянович;

  • Крайнов Олег Викторович;

  • Богатырев Илья Константинович;

  • Абилов Айбек Нұрғалиұлы;

  • Бобряшов Сергей Владимирович;

  • Шулевский Михаил Леонидович;

  • Петренко Владимир Ильич;

  • Крикунов Павел Александрович;

  • Магиев Жанболат Темиргалиевич.

Еске салайық, Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада жарылыс болды. Қаза тапқандар саны 45 адамға жетті. Соңғы, 46-шы кеншінің денесі әлі табылған жоқ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысындағы кеншілердің қазасына байланысты көңіл айтып, "АрселорМиттал Теміртау" компаниясымен ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.

Кейін үкімет "АрселорМиттал Теміртауды" Қазақстанның пайдасына беру бойынша мәміленің аяқталғанын хабарлады.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Айдары: Найзағай 30.10.2023 38

Қатысты мазмұн