
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект пен роботтандырудың дамуына байланысты бірқатар кәсіптің жойылып кетуін болжады.
Тоқаев жасанды интеллект және деректерге талдау жасаудың өзекті мәселелеріне арналған "Artificial Intelligence Journey" атты онлайн конференциядағы сөзінде банкир, курьер және жүргізуші мамандықтарының тағдыры осындай болуы мүмкін деген пікір білдірді.
"Банкир, бухгалтер, кассир, курьер, жүргізуші сияқты мамандықтардың тез арада жойылып кетуіне дайын болу керек", - деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы "заңгерлер қалай болса да аман қалуы мүмкін, өйткені онда заңнамаға қатысты білім мен ақпарат өте кең болуы керек" екенін де қосты.
"Бірақ менің ойымша, машиналар заңгерлерді де алмастыратын уақыт алыс емес. (...)", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар, ол жасанды интеллектінің дамуы жаңа кәсіптердің пайда болуына әкелетінін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше ғасырдан кейін жасанды интеллектінің дамуы сонша, ақылды машиналар көшбасшы таңдауға шешім қабылдайтындай деңгейге жетуі мүмкін деп болжады. Алайда алдағы 50-100 жылда жасанды интеллект мемлекет басшыларын функционалды түрде алмастыра алмайтынын да атап өтті.
Президент өз сөзінде "40 жыл бұрын түсірілген "Электрониканың оқиғалары" фильмін еске алды. Оның айтуынша, бұл фильмде "басты кейіпкер егіз роботын өзінің орнына үй және мектеп міндеттерін орындау үшін қолдануға тырысады, бірақ содан кейін робот рольге кіріп кетіп, адамның орнын басуға үмітті болады".