
"Талибан" Ауғанстан билігін басып алды. Қазақстанға қандай қауіп төніп тұр?
Қайрат Боранбаевты қамау мерзімі тағы екі айға ұзартылды. Бұл туралы 23 қарашада Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"12 қазанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қайрат Боранбаевқа қатысты қамауға алу түріндегі санкцияланған бұлтартпау шарасының мерзімін 2 айға ұзартты", - делінген сот хабарламасында.
17 наурызда Қазақстан кәсіпкері Қайрат Боранбаевтың ұсталғаны белгілі болды. Қаржы мониторингі агенттігі квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаржы жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. 30 қыркүйекте Қайрат Боранбаевқа қатысты іс бойынша тергеу аяқталды.