Иркутскіде L-410 ұшағы құлады

none

Ресейдің Иркутск облысында L-410 қос моторлы жолаушылар ұшағы апатты жағдайда қонып, үш жолаушы мен бір ұшқыш қаза тапқан. Бортта 14 жолаушы және екі ұшқыш болған.

"РИА Новости" агенттігінің хабарлауынша, ұшақ тайгада апатқа ұшыраған. Бір жолаушы оқиғаны туыстарына хабарлап үлгерген.

ТАСС хабарлауынша, төтенше жағдай қызметі тұман кезінде жерге қонған сәтте ұшқыш қателік жіберген немесе қозғалтқыш істен шығуы мүмкін деген болжам жасаған.

Ресей төтенше жағдай қызметінің мәліметінше, 2021 жылдан бері онға жуық ұшақ апат жағдайында қонған.

Let L 410 Turbolet — жергілікті әуе желісіне арналған көп мақсатта пайдаланылатын қос моторлы ұшақ. Чехияның Let Kunovice (қазіргі атауы - Aircraft Industries) зауытында жасалып шыққан. 1500 шақырымға дейін 19 жолаушыны немесе 1800 келі жүк тасуға шамасы бар.

2018 жылдан бері Ресей де L 410 ұшағын құрастыратын болған.

Айдары: Найзағай 13.09.2021 81

Қатысты мазмұн