Hotel Plaza Almaty қонақүйінде өрт шыққан

none

Алматыда Қожамқұлов пен Қарасай батыр көшелері қиылысында орналасқан Plaza Hotel Almaty қонақүйінде өрт шыққаны хабарланған болатын.

Алматылық өртсөндірушілер Hotel Plaza Almaty қонақүйінен 57 адамды құтқарды. Өрт төменгі қабатта орналасқан саунадан шыққаны белгілі болды.

Оқиға орнына 19 мамырда сағат 22:21-де ТЖД бастығы Руслан Қасыбаев бастаған өртсөндірушілер барған.

"Келген соң бірінші өрт сөндіру бөлімшесі 22:26-де өрт төменгі қабаттағы саунадан шыққанын анықтады. Барлық қабатқа түтін тараған, бұл оқшауланған бөлмелердегі адамдардың өміріне қауіп төндірді.

Қонақтар қонақүй терезелерін көмек сұрады. Оқиға орнында жедел штаб жұмысы жүргізілді, екі жауынгерлік учаске құрылды", - деді ТЖД қызметкері.

Құтқару жұмыстарына газ-түтіннен қорғау қызметінің 12 қызметкері, 3 өрт сөндіру автосатысы, 4 үш иінді жылжымалы баспалдақ жұмылдырылған. Эвакуацияға жанғыш өнімдердің концентрациясын төмендету үшін құтқарушылар АД-120 түтінді жою көлігін қолданған.

"Қабылданған жедел шаралар арқылы 57 адам құтқарылды. Қайтыс болғандар жоқ. Өрт шыққан сәттен кейін, яни 59 минуттан соң 23:25-те ауыздықталып, 23:44-те сөндірілді. Өрт сөндіруге жеке құрамнан 42 адам және 14 техника жұмылдырылды", - деп атап өтті ТЖД қызметкері.

Айдары: Найзағай 20.05.2022 128

Қатысты мазмұн