
Еліміздегі бірнеше шаһардан қала мәртебесі алынып, ауыл санатына ауысады, Бұл халық саны 10 мың адамнан аз қалаларға қатысты. Мұндай ұсыныс Ашық НҚА порталында жарияланған «Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасында» жазылған.
Құжатта әкімшілік-аумақтық заңнама талабына сәйкес келмейтін қалалардың мәртебесін өзгерту жұмысы кезең-кезеңімен іске асатыны баяндалған.
Ұлттық экономика министрлігінің дерегінше, мұндай қалаларға мыналар жатады:
«Ірі 17 ауыл бойынша олардың ауыл мәртебесіне сәйкестігі туралы мәселе шешуді қажет етеді. Мәселен, Маңғыстау облысындағы Бейнеу ауылында - 54 мың адам, Түркістан облысындағы Қарабұлақ ауылында - 50 мың адам, Алматы облысындағы Ұзынағаш ауылында 47 мың тұрғын бар», - делінген тұжырымдаманың өзгеріс енгізілгелі отырған нұсқасында.
Құжат 26 қыркүйекке дейін көпшілік талқылауда болады.
Дереккөз: ҚазАқпарат