Димаш Құдайбергеннің концерті алдында алматылықтарға үндеу жасалды

none

Алматы полициясы Димаш Құдайбергеннің концерт өтетін орын мен оған жақын аумақта қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететінін мәлімдеді.

Димаш Құдайбергеннің концертінде қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге Полиция департаменті қызметтері мен бөлімшелерінің 2,5 мыңнан аса қызметкері жұмылдырылады.

"Бұл тек Қазақстан үшін ғана емес, халықаралық аренадағы айтулы оқиға, сондықтан оны дүрбелеңсіз, бейберекетсіз және ешқандай құқықбұзушылықтарсыз өз деңгейінде өткізу маңызды. Полиция қызметкерлері концерт өтетін орын мен оған жақын аумақта қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесінің бойына көліктерді қоюға тыйым салынғанын ескертеміз.

Осыған байланысты қонақтарды көліктерін алдын ала тұраққа қоюға, қосалқы көшелерді пайдалануға және кептелістерді болдырмау үшін олардың бағытын алдын ала реттеуге шақырамыз. Концерт кезінде өзін-өзі ұстау мәдениетіне, ішімдік ішуге тыйым салуға ерекше назар аударамыз. Аға буын жанкүйерлері мен балалары бар әйелдерге құрмет көрсетуге шақырамын, - деді Алматы қалалық ПД бастығы Арыстанғани Заппаров.

Дереккөз: Tengrinews.kz, Polisia.kz

Айдары: Найзағай 23.09.2022 94

Қатысты мазмұн