
12 қаңтарда Қазақстанда 766 адамға коронавирус жұққаны ПТР-тестпен расталды. 124 адамнан коронавирус пневмониясы анықталды. Бір күнде 8 адам - коронавирустан, 4 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болды. Денсаулық сақтау министрлігінің 13 қаңтар таңертең хабарламасында осындай мәлімет көрсетілген.
Сейсенбі күні Нұр-Сұлтан (114) мен Алматы қаласында (111) көп науқас тіркелді. Қостанай облысында - 75, Атырау облысында - 73, Ақмола облысында - 63, Алматы облысында - 61, Солтүстік Қазақстан облысында - 54, Павлодар облысында - 48, Батыс Қазақстан облысында - 43, Қарағанды облысында - 39, Шығыс Қазақстан облысында 37 адамнан коронавирус анықталған. Қалған облыстар мен қалаларда бір күнде анықталған науқастар жиырмаға жетпейді.
Наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 164 477 адамға жеткен.