БҰҰ елдері Ауғанстанға гуманитарлық көмекке қаражат бөледі

none

Біріккен Ұлттар Ұйымына (БҰҰ) мүше мемлекеттер Ауғанстанға гуманитарлық көмекке 1 миллиард доллардан аса қаражат бөлуге уәде берді.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Ауғанстан қаржылық қолдауға мұқтаж екенін ескеріп, Женевада өткен Халықаралық конференцияның қорытындысы бойынша Ауғанстанға миллиард доллардан аса қаражат бөлуге уәде берді.

"Халықаралық қауымдастық ортақ пікірде. Ауғанстан халқына гуманитарлық көмек көрсету үшін барлық күшті жұмылдырамыз", - деді Гутерриш.

БҰҰ басшысының айтуынша, бұл тек төтенше жағдай үшін ғана емес, Ауғанстан экономикасын қолдап, оның құлдырауын болдырмау үшін берілген көмек.

"Өздеріңіз білетіндей, Ауғанстанға үлкен қауіп төніп тұр және қолма-қол ақша тапшы",- деп қосты ол.

Ел шенеуніктері Батыстың тәліптерге сенбеуінен миллиардтаған долларлық көмек тоқтап қалғандықтан (Жоғарғы Соттың шешімі бойынша Қазақстанда қозғалысқа тыйым салынған) БҰҰ мүше мемлекеттер 20 жылдық ынтымақтастықтан кейін ауған халқына көмектесуді жалғастыру керек екенін түсіндірді.

Конференцияда АҚШ 64 миллион доллар гуманитарлық көмек бөлуге уәде берді, ал Норвегия қосымша 11,5 миллион доллар бөлуге шешім қабылдады.

БҰҰ Бас Хатшысы БҰҰ-ның тәліптерден гуманитарлық операцияларды жүргізуге кепілдік беру үшін, гуманитарлық қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жазбаша міндеттемелер алғанын растады.

"Біз "Талибан" қозғалысының халықаралық қауымдастықпен ынтымақтастыққа деген қызығушылығын көріп отырмыз, яғни халықаралық қауымдастықтың ықпал ету тетігі бар", – деп толықтырды Антониу Гутерриш.

Ауғанстан, әлемдегі ең кедей елдердің бірі. Батыс қолдаған Үкіметтің құлдырауынан және "Талибан" басып алғаннан кейін елге миллиардтаған долларлық

Айдары: Найзағай 14.09.2021 184

Қатысты мазмұн