Бишімбаев қанша жылға сотталуы мүмкін

none

ҚР бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің "Адам өлтіру" бабы бойынша тергеліп жатыр.

Бұл туралы 10 қараша күні Астана полиция департаменті баспасөз қызметі былай деп хабарлады:

"Астанадағы мейрамханалардың бірінде әйелдің өліміне қатысты оқиғаны елордалық Полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі бойынша тергеп жатыр".

ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігінде "Адам өлтіру, яғни басқа адамның заңсыз қасақана өліміне әкеп соғу 8 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланады" делінген.

2017 жылы 11 қаңтарда бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ұсталғаны белгілі болды. Атышулы сыбайлас жемқорлық ісі бойынша 23 адам, оның ішінде экс-министрдің немере ағасы да сотта жауап берді. Жоғары лауазымды шенеунік өз мансабы барысында Қызылордада шыны зауытын салу кезінде 1 млрд теңге ұрлағаны және бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

2018 жылдың наурыз айында Қуандық Бишімбаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды. 2018 жылдың желтоқсанында ол өзін қоныс аудару колониясына жіберуді сұрап, өтініш берді, бірақ сот өтінішті ішінара қанағаттандырды. 2019 жылдың қаңтарында экс-министр жазасын өтеу үшін Шымкенттегі ИЧ-167/3 орта қауіпсіздік мекемесіне ауыстырылды.

2019 жылдың 11 қазанында Қуандық Бишімбаев бостандыққа шықты. ҚР ІІМ ҚАЖК баспасөз қызметі экс-министрдің шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін Шымкент қаласы Абай аудандық соты 2019 жылдың 25 қыркүйегінде қарап, оның қанағаттандырылғанын хабарлады. Сот шешімі 2019 жылдың 11 қазанында заңды күшіне енді.

Қарашаның 10-ы күні Ішкі істер вице-министрі Сәкен Сәрсенов Әділет министрлігінің кулуарында бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ұсталуына қатысты пікір білдірді.

Дереккөз: Zakon.kz

Айдары: Найзағай 13.11.2023 37

Қатысты мазмұн