Бейжіңнен Алматыға тағы 211 адам әкелді

none

Қытай астанасы Бейжіңнен 211 жолаушысы бар рейс келіп қонды, - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметі.

"Бүгін таңғы 7:00-де Алматы қаласына Қытай астанасы Бейжіңнен 211 жолаушысы бар рейс келіп қонды, оның ішінде 171 адам Қазақстан азаматы және 40 Қырғызстан азаматы бар.

Жерлестеріміз ұшақтан түсе сала инфекциялық сақтық шараларымен Алматыдғы көпсалалы клиникалық ауруханаға жеткізілді. Олар ауруханада 3 күн медициналық тексерістен өтіп, коронавирус пен ЖРВИ қарсы зертханалық анализдер тапсырады. Егер клиникалық көрсеткіштер болса – станционардағы тексеру мерзімі созылуы мүмкін", - делінген хабарламада.

Қазір барлық жолаушылардың денсаулығы қанағаттанырлық. Дене қызуы жоқ.

Қырғызстанның 40 азаматы Бішкекке жеткізілді.

Айдары: Найзағай 13.02.2020 10

Қатысты мазмұн