«Азық-түлік корпорациясы» басшылары ұсталды

none

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, стратегиялық шикізат-астықты жымқыруға жол бермеу мақсатында «Азық-түлік келісімшарттық корпорациясы» ҰК» АҚ қызметінде жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Нәтижесінде жемқорлық қылмысы бойынша «Азық-түлік корпорациясы» өңірлік филиалдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының бірқатар басшысы ұсталды.

Астық ұрлау фактілерін жасыру үшін пара беру кезінде астық базаларының бұрынғы директоры мен оның көмекшілері қолға түсті. Сонымен қатар жасалған қылмысты жасыру кезінде астық базаларының бұрынғы директоры мен оның серіктестері ұсталып, пара беруге әрекет жасағандар әшкереленді.

Қазір күдіктілер сот санкциясымен қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар Астана қаласында қаржы департаментінің директоры мен «Азық-түлік корпорациясы» АҚ бас менеджеріне қатысты тергеу аяқталды. Тергеу барысында олар бидай түрінде тауарлық несие бергені үшін коммерциялық ұйым басшысынан 800 мың теңге сомасында пара алғаны анықталды. Айыпталушылар сотқа тартылды.

Арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары кешенінің нәтижесі бойынша «Азық-түлік корпорациясы» АҚ Қостанай облыстық өкілдігі директорының әрекеті әшкереленді.

Ол ЖШС өкілінен 100 мың тонна бидай көлемінде тауарлық несие алу мәселесін кедергісіз шешкені үшін 350 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

«Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі», – делінген Антикордың баспасөз қызметінің хабарламада.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Айдары: Найзағай 18.09.2023 25

Қатысты мазмұн