Армения, Қырғызстан және Ресейде тіркелген көліктер елімізде заңсыз жүр

none

Жуырда шетелдің тіркеуіндегі көліктер ел аумағынан шығарылады, - деп хабарлайды kolesa.kz порталы.

Шетелдің тіркеуіндегі көліктер шектеу "Жол қозғалысы" туралы заңда жазылған. Құжаттың 63-бабына сәйкес "Басқа мемлекеттің құзыретті органында тіркелген, халықаралық жол жүрісіне қатысатын және Қазақстан Республикасына бір жылдан аспайтын мерзімге әкелінетін механикалық көлік құралдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасында жасалған немесе Қазақстан Республикасына әкелінген, осы Заңда айқындалатын механикалық көлік құралдары міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады".

65-баптың 2-тармағына сәйкес, "Отыз тәулікке дейінгі үзілістермен бір жылдан астам Қазақстан Республикасының аумағында қалған көлік құралы халықаралық жол жүрісінде деп есептелмейді". Яғни, шетелдік нөмірмен Қазақстанда жүрген көлік 30 күн ел аумағында болмауы тиіс. Сондықтан Қазақстан территориясына бір жыл бұрын кіргізіліп тіркелмеген көліктер заңсыз жүр деген сөз.

Шетелдік нөмірмен жүрген қазақстандықтар үшін проблеманы шешудің үш тәсілі бар:

барлық алым-салықтарды төлеп көлікті заңдастыру;

полиция ұстап алмай тұрғанда тездетіп көлікті 30 күнге шетелге шығарып, қайта Қазақстанға кіргізу және осы әдісті әрбір 30 күн сайын қайталап отыру;

көлікті шетелге апарып сату.

Қазір Қазақстанда 200 мыңға жуық көлік шетелдің нөмірімен жүр.

Айдары: Найзағай 14.01.2020 61

Қатысты мазмұн