Алматыда құлдықта болған 10 өзбек азаматы еліне қайтарылды

none

Алматыда қара жұмысқа жегілген он өзбек азаматы босатылып, еліне қайтарылды.

Dunyo.info ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Өзбекстанның Алматыдағы бас консулдығына үш өзбек азаматы қайырылып, жеке үйлердің бірінде бір топ адам 10 адамды қорқытып, ұстап отырғанын айтқан. Жергілікті тұрғындар олардың жеке заттары мен ұялы телефондарын тартып алып, жұмысқа салған деп айтылады.

Бас консулдық пен Алматының құқық қорғау орган өкілдері оқиға орнына барып, өзбек азаматтарын Бостандық ауданы полиция басқармасына жеткізген. Оларды күштеп ұстағандарға "Өзінше билік ету" бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Ақпаратқа қарағанда, Өзбекстан азаматтарына құжаттар мен жеке заттары қайтарылып, қажетті тергеу шаралары жүргізілген. 1 тамызда елдеріне қайтырылды, деп жазады azattyq.

Айдары: Найзағай 04.08.2022 51

Қатысты мазмұн