Алматыда қойма өртенген

none

Алматыда Рысқұлов көшесінің бойында қойма өртеніп жатыр. Әзірге толық емес ақпарат бойынша қоймада пластик өнімдері сақталған.

Алматы қаласы төтенше жағдай департаментінің хабарлауынша, өрт оңтүстік және шығыс жағынан сөндіріліп жатыр.

"4 тамыз күні сағат 9:39-да өрт сөндірушілер Алатау ауданындағы өрт туралы хабарламаға жоғары дәрежедегі шақырту бойынша шықты. Келген уақытта ангар типті қоймалардың ашық өртеніп жатқаны анықталды. Дереу өрт оқпандары беріліп, автоцистерналар гидранттарға орнатылды" делінген төтенше жағдай департаменті хабарламасында.

Қазір оқиға орнында 40-тан астам өрт сөндіруші жүр. 16 техника жұмылдырылған.

Қойма иесі "Алматекс" ЖШС басшысы Айтбек Жүнісбековтің Азаттыққа айтуынша, өрттің шығуына "көрші мекеменің қалдықтары жинап өртеуі себеп болған". Өрт келе-келе қоймаға ауысқан.

Газ-түтін барлайтын аппарат арқылы қоймадағы қауіпті заттар бар-жоғы анықталады.

Қойма иесінің айтуынша, өрт боп жатқан екі қойма аумағы 2000 шаршы метрді құрайды.

Айдары: Найзағай 04.08.2021 80

Қатысты мазмұн