Алматыда есірткі сатушы қыздар ұсталды

none

Алматыда қарақшылар тобы ұсталды, - деп хабарлайды Алматы қаласы полиция департаменті.

Алмалы аудандық Полиция басқармасының мәліметінше, қала орталығынан күндіз 21-27 жас аралығындағы бес жас адам ұсталған. Екеуі - қыз.

Күдіктілер есірткі таратқан. Ұсталғандардың жалдамалы пәтерінен бөлшек саудаға өткізуге дайындалған синтетикалық есірткі, ұрланған техника бұйымдары табылып, тәркіленді.

"Барлығы қылмыстық іс материалдарына қосылды. Оның ішінде ұнтақ тәрізді зат түрінде 70-тен аса магнит түйіншегі, сондай-ақ, компьютерлер, ноутбуктер, теледидарлар, проекторлар, пернетақталар, екі процессор мен монитор, виртуалды ойындарға арналған дулыға, киімдер, оқ-дәрі табылды", - деп мәлімдеді Алматы комендатурасы өкілі.

Күдіктілер қамауға алынды. Олардың басқа заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғы тексеріледі.

Айдары: Найзағай 12.01.2022 67

Қатысты мазмұн