Алматыда демалыс күндері автобустар мен метроның жұмысы тоқталады

none

Алматыда үш күнге - 31 шілдеден 2 тамызға дейін қоғамдық көліктердің жұмысы тоқтатылады.

Бұл туралы Алматының Көлік холдингінің Instagram желісіндегі парақшасында хабарланған.

"Бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес мереке және демалыс күндері (31 шілде, 1-2 тамыз) Алматы қаласындағы қоғамдық көліктің, сондай-ақ метрополитеннің жұмысы тоқтатылатындығын естеріңізге саламыз", - делінген хабарламада.

Қоғамдық көліктер дүйсенбі, 3 тамыз таңғы сағат 06:00-ден бастап жұмыс істейді.

Еске салайық, Алматыда, 30 шілдедегі жағдай бойынша, COVID-19 жұқтырған 11 652 адам анықталған. Оның ішінде, аурудан айыққан - 7001 адам, қайтыс болғандар - 111.

Айдары: Найзағай 30.07.2020 32

Қатысты мазмұн