Алматыда 1 наурыздан бастап электр қуаты қымбаттайды

none

2024 жылдың 1 наурызынан бастап Алматыда электр энергиясы тарифтері көтеріледі. Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Әсел Буденеева электр энергиясы тарифтерінің өзгеруі Бірыңғай сатып алушы моделінің енгізілуіне және орташа айлық жалақының өзгеруіне байланысты екенін түсіндірді.

Тарифтер келесідей болады:

  • орташа сату тарифі ҚҚС-сыз 28 теңге/кВтсағ құрайды;

  • халық үшін тариф ҚҚС-сыз 25,55 (+10%) теңге/кВтсағ;

  • заңды тұлғалар үшін ҚҚС-сыз 29,73 (+11%) теңге/кВтсағ;

  • бюджеттік ұйымдар үшін ҚҚС-сыз 32,73 (-10%) теңге/кВтсағ;

  • СЗПТ өндірушілері үшін ҚҚС-сыз 28 теңге/кВтсағ.

Өз кезегінде тұтыну көлеміне байланысты сараланған тарифтер:

  • бірінші деңгей үшін ҚҚС-сыз 23,16 теңге/кВтсағ;

  • екінші деңгейдегі тариф ҚҚС-сыз 30,66 теңге/кВтсағ;

  • үшінші деңгейдегі тариф ҚҚС-сыз 38,33 теңге/кВтсағ.

Жеке шотқа орташа тұтыну 208 кВт/сағ халық үшін орташа есепшоттың өсуі 506 теңгені құрайды.

2024 жылдың 30 қаңтарында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров 2024 жылы коммуналдық қызмет тарифтерінің шамамен қаншаға өсетінін мәлім етті. Оның айтуынша, тарифтік бағдарлама жеті жылға есептелгендіктен жыл сайын тарифтерді түзету күтілуде.

Дереккөз: Zakon.kz

Айдары: Найзағай 27.02.2024 31

Қатысты мазмұн