Алматы облысында туристер мінген автобус аударылып қалды

none

Алматы облысында туристер отырған автобус аударылып қалған. Оқиға 27 мамырда сағат 10:20-да болған. Алматы облысы, Кеген ауданы, Еңбекшіқазақ ауданымен шекаралас аумақта туристер мінген автобуспен жол апаты болған.

Әкімдік мәліметінше, автобус жүргізушісі Аласа асуындағы бұрылыста жолдан шығып кеткен. Автобус шұңқырға құлап, бүйіріне аударылып қалған. Оқиға орнына дереу Кеген ауданынан екі жедел жәрдем бригадасы шықты.

"Автобуста 37 адам болған, олардың барлығы қазақстандық туристер, олар Көлсайға бара жатқан. Зардап шеккендер дереу ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Кеген аудандық ауруханасына 5 адам, Жалағаш аудандық ауруханасына 4 адам, Шелек ауылына 4 адам жеткізілді. Кейін автобуста Ресейден келген екі турист болғаны белгілі болды.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Айдары: Найзағай 27.05.2024 31

Қатысты мазмұн