
Аумақтық сайлау комиссиясы Алматы қаласы мәслихаты сайлауының қорытындысын жариялады.
Аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Тана Омарғалиева Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына түскен партиялар тізімін жариялады:
Аманат партиясы - 151 531 дауыс, 51,94 пайыз, 12 мандат. Республика партиясы - 38 369 дауыс, 13,15 пайыз, 3 мандат. "Қазақстан халық" партиясы - 38 563 дауыс, яғни 13,22 пайыз, 3 мандат. Байтақ - 23 266 дауыс, 7,97 пайыз, 2 мандат. Ақ жол - 15 273 дауыс, 5,23 пайыз, 1 мандат. Ауыл партиясы - 8 264 дауыс, 2,83 пайыз, мандатсыз. Бәріне қарсы 16 490 сайлаушы дауыс берді.
Алматыда дауыс берген сайлаушылардың жалпы саны - 302 270 адам.
Алматы Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Айгүл Қалықованың мәліметінше, бір мандатты аумақтық округтер бойынша депутаттық мандаттар келесідей бөлінген:
№ 1 Алматы сайлау округі - әкім Тұрсынов № 2 Округ - Дастан Жаселиев № 3 Округ - Гүлжан Бикенова № 4 Округ - Анна Башинская №5 Округ – Зәуреш Өмірбаева №6 Округ - Бақытбек Жұмабаев №7 Округ - Алтынай Көбеева №8 Округ - Тимур Елеусізов №9 Округ - Сергей Козлов № 10 Округ - Болат Ибрагимұлы № 11 Округ - Қайрат Бегалин №12 Округ - Мұхтар Зулеев №13 Округ - Ералы Сауранбаев №14 Округ - Еркінбек Рақышев №15 Округ - Мұрат Өтемісов №16 Округ - Қарашаш Жозеева №17 Округ - Әміржан Нәбиев №18 Округ - Дулат Тастекеев №19 Округ - Талғатов Зия №20 Округ - Андрей Шин № 21 Округ - Дулат Рамазанов
Tengrinews.kz