Алматы әуежайында 6 жолаушысы бар ұшақ құлады

none

Алматы маңында алты жолаушы мінген ұшақ құлады. Алдын ала мәлімет бойынша құлаған – Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің ұшағы. Нақтыланбаған мәлімет бойынша, ұшақта болғандардың төртеуі қаза тапқан, екеуінің жағдайы ауыр.

Алматы әуежайы баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Нұр-Сұлтан - Алматы бағытымен ұшқан АН-26 ұшағы қону кезінде құлаған".

"Сағат 17:20-да байланыс үзілді. Бірден дабыл қақтық. Біздің барлық қызметіміз оқиға орнына жетті. [Ұшақ] ұшу-қону жолағына жетпей құлаған" деп хабарайды баспасөз қызметі.

Оқиға Алматы облысы Қызылту ауылының маңында болған.

Айдары: Найзағай 13.03.2021 77

Қатысты мазмұн