Алдағы үш күнде Алматыда қатты аптап ыстық болады

none

Алматы төтенше жағдайлар демартаменті дауылды ескертуге сүйене отырып, Алматы қаласында 7-9 маусым аралығында 35-37 градусқа дейін қатты ыстық болжанғанын мәлімдеді.

"Қала тұрғындары мен қонақтарын күн сәулесiнiң әсерiнен сақтану үшiн серуенге шықпауға шақырамыз".Алматы ТЖД баспасөз қызметі

ТЖ департаменті мына қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:

• күн сәулесі тікелей түсетін жерлерде мүмкіндігінше аз болуға тырысыңыз. Есіңізде болсын, сағат 12:00-ден 16:00-ге дейінгі уақытта күннің сәулесі белсенді болады;

• денені күн сәулесінен қорғап, жабық киім киюге тырысыңыз және күннен қорғайтын сықпа майлар қолданыңыз;

• алкогольді ішімдік ішпеңіз – алкоголь ыстықта ағзаға тез әсер етеді;

• сұйықтықты (салқындатылған су, минералды су) мүмкіндігінше көп ішуге тырысыңыз;

• денеге салмақ түсірмеңіз. Қатты жүктеме ыстықта жылу алмасуды арттырады да ағзаны сусыздануға әкеліп соқтырады;

• автокөліктермен ұзақ сапарларды шектеуіңіз керек, егер бұл мүмкін болмаса, жолда мүмкіндігінше абай болыңыз, себебі, қатты ыстықтан адам өзін өзі нашар сезінуі мүмкін және реакция төмендейді.

• балаларды автокөлік ішіне аз уақытқа болса да қалдырмаңыз. Қатты ыстықтан бала есінен танып қалуы мүмкін.

Zakon.kz

Айдары: Найзағай 06.06.2023 37

Қатысты мазмұн