Ақжарқын Тұрлыбай ісі: Нигерия азаматы Қазақстанға экстрадицияланады

none

Ішкі істер министрлігі Қытайда жазасын өтеп жатқан Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты Нигерия азаматын Қазақстанға экстрадицияланатынын айтты.

"20 маусымда Нигерияда Интерполдың Қазақстан Республикасы ІІМ-дегі Ұлттық Орталық бюросының сұрауы бойынша ҚР ҚК 259-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмыс (есірткі құралдарын немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу) жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген Адиндо Нонсо Фортуне ұсталды.

Қазіргі уақытта оны қамауда ұстау және Қазақстанға одан әрі экстрадициялау туралы процестік шешім қабылдау мақсатында қажетті материалдар Интерполдың Нигерия ҰОБ-на жолданды", - деді ІІМ-нің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Ақжарқын Тұрлыбайдың адвокаты Сұңқар Нұрмағамбет қорғауындағы қазақстандықтың Қытайға сапарын ұйымдастырды деп күдікке ілінген нигериялық азаматтың ұсталғаны туралы айтқан болатын, деп жазады Tengrinews.kz

Айдары: Найзағай 22.06.2022 34

Қатысты мазмұн