Ақтөбеде қаржы пирамидасын құрушылар сотталды

none

Ақтөбеде қаржы пирамидасына қатысты атышулы іс бойынша сот үкімі шықты. Бұл кәсіпорынның үш ұйымдастырушысы 6 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Қаржы пирамидасына қатысты іс бойынша тергеу бір жылдан астам уақытқа жалғасты. Іс бойынша 10 мың азамат жәбірленуші деп танылған. Адамдар пирамидаға кем дегенде 300 мың теңгеден салған және оларға екі есе көп мөлшерде табыс келетіні уәде етілген.

Қаржы пирамидасының құрушылар 2020 жылдың ақпанында ұсталған. Олардың екеуі Ресей азаматы болса, біреуі Ақтөбе қаласының тұрғыны. Олардың қызметінен келген шығынның жалпы сомасы 10 миллиард теңгеден асады.

"Сот үкімі бойынша сотталушылар қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Литвиненко - 12 жылға, Москвин - 9 жылға, Қазыбаев 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, барлық сотталушыға 7 жыл мерзімге коммерциялық және қаржы ұйымдарында басшылық қызмет атқару құқығынан айыру түріндегі қосымша жазаға кесілді. Жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылды", - деді Ақтөбе облыстық сотының баспасөз хатшысы Гүлжанар Отарбаева

Айдары: Найзағай 24.06.2022 90

Қатысты мазмұн