АҚШ Украина бюджетін қолдау үшін 4,5 млрд доллар бөледі

none

Вашингтон Украина бюджетін қолдау үшін 4,5 млрд доллар бөледі. Бұл жөнінде 22 қарашада АҚШ қаржы министрі Джанет Йеллен мәлімдеді.

Оның сөзінше, қаржы таяу аптада бөліне бастайды. Қаражат украин үкіметінің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметті қолдауға (аурухана қызметкерлері, мұғалімдер, мемлекеттік қызметкерлерге жалақы төлеу, зейнетақы беру және тағы басқа мақсатқа жұмсалады), сонымен бірге Ресейден қорғануға көмектеседі.

"Бұл қаржы Путиннің негізсіз шабуылына көрсетілген қарсылық ретінде есептеледі", - деді қаржы министрі.

Йеллен басқа донорлорды да Украинаға көмекті арттыруға және тездетуге шақырды.

АҚШ президенті Джо Байден әкімшілігі Киевке әскери көмек ретінде шамамен 20 млрд доллар, экономиканы қалпына келтіруге 13 млрд және 10 млрд гуманитарлық жәрдем берген.

Бұдан бөлек Байден Конгрестен Украинаны қосымша қаржыландыруға тағы 37,7 млрд доллар бөлуді өтінген.

Ресеймен соғысып жатқан Украинаға көмек көрсетуді сынға алған АҚШ өкілдер палатасындағы кейбір республикашылдар Конгресс бөлген ақшаны тексеру жөнінде резолюция әзірледі.

8 қарашадағы Конгреске аралық сайлаудан кейін демократтар сенаттағы басымдығын сақтап қалды. Бірақ өкілдер палатасын республикашылдар бақылауға алды. Күштердің орналасу реті Байден бастамаларын парламентте өткізуді, оның ішінде Украинаға көмек бөлуді қиындатуы мүмкін.

Айдары: Найзағай 23.11.2022 30

Қатысты мазмұн