Айбынды полицей 7 жылға сотталды

none

Елордалық полицей Азамат Балтабаев (суретте) Нұр-Сұлтанда белгілі дәрігерден миллион теңге пара талап еткен. Соттың үкімімен полицей жеті жылға бас бостандығынан айырылды.

Жол-патрульдік полицияның экс-инспекторы Азамат Балтабаев қоғамға 9-қабаттан құлап түсе жаздаған баланы құтқарған ерлігімен белгілі. Ол сол үшін ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған. Енді оның дәрігерден пара бопсалағаны анықталып отыр. Оның сыбайласы, экс-полицей Ринат Әбдрахманов та жеті жылға бас бостандығынан айырылып, екеуі де өмір бойына құқық қорғау органдарында және мемлекеттік қызметтерде жұмыс істеу құқығы шектелді. Азамат Балтабаев «Айбын» орденінен айырылды.

Есіл аудандық № 2 соттың шешіміне мына жайт негіз болған. Әбдрахманов пен Балтабаев биыл наурызда Mercedes ML 300 көлігін тоқтатқан. Онда Ұлттық нейрохирургия орталығының басқарма төрағасы Серік Ақшолақов болған. Содан полицейлер ер адамның сыра ішкенін анықтаған да одан миллион теңге пара талап еткен.

Сот құжаттарына қарағанда, Ақшолақов ақша беруге келіскен, бірақ шотында ондай соманың болмағанын айтқан, 400 мың теңгесі ғана болған. Полицейлер қызметтік көлігімен банкоматқа барып, дәрігерден шешкен ақшасын алып кеткен.

Бірнеше күннен кейін дәрігер полицейлердің үстінен арыз түсіріп, нәтижесінде олар барлық ақшаны қайтарған еді. Бірақ олар соттан құтыла алмады.

Айдары: Найзағай 10.12.2019 77

Қатысты мазмұн