Air Astana ұшақтары Таулы Қарабақ маңын айналып өтетін болды

none

Astana әуе компаниясы Түркия, Еуропа және Израильге ары-бері қатынайтын рейстер өңірдегі тұрақсыз жағдайға байланысты Таулы Қарабақ маңын айналып өтетінін ескертеді.

Таулы Қарабақтағы тұрақсыз жағдайға байланысты Air Astana әуе компаниясы тобының Түркия, Еуропа және Израильге ары-бері қатынайтын рейстері аталған өңірді айналып өтеді.

"Әуе компания жағдайды мұқият қадағалап отыр, ұшу қауіпсіздігінің барлық шараларын қолданатын болады" - деп хабарлады Air Astana.

19 қыркүйекте Әзірбайжан Таулы Қарабақта "терроризмге қарсы операция" басталғанын жариялады.

ҚР СІМ Таулы Қарабақ бойынша мәлімдеме жасады. Сыртқы саяси ведомство Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасының егемендігі мен аумақтық тұтастығына оның халықаралық деңгейде танылған шекаралары шегінде берік қолдайтынын, сондай-ақ барлық мәселелерді саяси-дипломатиялық жолмен реттеуді жақтайтынын атап өтті.

Дереккөз: Zakon.kz

Айдары: Найзағай 19.09.2023 23

Қатысты мазмұн