Әсел Айтпаеваны өлтірді деген күдіктінің суреті жарияланды

none

Qumash Telegram-арнасы Грузияда өлі табылған қазақстандық Әсел Айтпаеваны зорлап, өзіне қол жұмсауға итермелеген күдіктінің суретін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.

"26 жастағы Әсел Айтпаеваны өлтіріп, өзіне қол жұмсауға итермелегені үшін айыпталған күдікті осы. Оның есімі Бесик Тордуа (аудиожазбада Әсел оны Бесо деп айтты). Жасы 57-де", - делінген жазбада.

Telegram-арна Formula грузиялық БАҚ-қа сілтеме жасап, Әсел бұған дейін де жергілікті полицияға оған қоқан-лоқы жасалып, физикалық зорлық жасалғанын хабарлаған. Алайда бұдан кейін ешқандай тергеу әрекеттері жасалмаған.

Қыздың анасы Тбилисиге ұшып кеткені бүгін түнде белгілі болды. Марқұмның денесі Қазақстанға келесі аптаның басында жіберіледі.

Айдары: Найзағай 10.05.2021 82

Қатысты мазмұн