Әлемдік рейтингіге Қазақстанның қандай ЖОО-лары енді

none

QS World University Rankings аясында 2024 жылға арналған әлемдегі үздік университеттердің жыл сайынғы рейтингі жарияланды. Тізімге Қазақстанның 20-дан астам оқу орны енген, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл рейтингіде Еуропаның және АҚШ-тың университеттері көш бастап тұр. Беделді рейтингінің жалпы ұпайы 9 көрсеткіш негізінде анықталды. Бұл тұрғыда академиялық бедел, жұмыс берушінің танымалдығы, оқытушылар мен студенттер саны, оқытушылардың жетістігі, шетелдік оқытушылар бойынша көрсеткіш, шетел студенттерінің үлесі, сондай-ақ халықаралық зерттеу бағыты, жұмыспен қамту және тұрақты даму нәтижелері зерттелді.

Әлемдік рейтингіге енген Қазақстан ЖОО-лары:

  • Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (230-орын);

  • Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (355- орын);

  • Satbayev University (481-орын);

  • М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті (611-орын);

  • Қазақ ұлттық аграрлық университеті (641-орын);

  • Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (681-орын);

  • Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (781-орын);

  • Алматы технология университеті (801-орын);

  • Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті (801-орын);

  • Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (851-орын);

  • Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті (901-орын);

  • С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ (901-орын);

  • KIMEP University (951-орын);

  • Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті (1001-орын);

  • Қазақстан-Британ техникалық университеті (1001-орын);

  • Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті (1201-орын);

  • М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті (1201-орын);

  • Нархоз университеті (1201-орын);

  • С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті (1201-орын);

  • Сулейман Демирель атындағы университет (1201-орын);

  • Торайғыров университеті (1201-орын).

Айдары: Найзағай 07.08.2023 32

Қатысты мазмұн