1991 жылдан бері Қазақстанға шетелден 1 миллионнан астам қазақ келді

none

2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 3 966 адам қандас мәртебесін алды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша, биыл 3 966 адам тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға шамамен 1 млн 74,3 мың этникалық қазақ оралды.

2021 жылдың басынан бері Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (75,6 пайыз) Өзбекстаннан, 11,9 пайызы – ҚХР-дан, 5,8 пайызы – Түрікменстаннан, 3,0 пайызы – Моңғолиядан және 3,6 пайызы – басқа елдерден келген. Олар негізінен Алматы (32,6 пайыз), Түркістан (16,5 пайыз) және Маңғыстау (14,2 пайыз) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (12,0 пайыз) және Нұр-Сұлтан (5,4 пайыз) қалаларына қоныстанды.

1 сәуірдегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 59,9 пайыз, еңбекке қабілетті жастан кіші 24,1 пайыз және зейнеткерлер 16,0 пайыз.

Айдары: Найзағай 05.04.2021 53

Қатысты мазмұн