13 қаңтарда мыңға жуық адамнан коронавирус пен пневмония анықталды

none

13 қаңтарда Қазақстанда 834 адамның ПТР-тесті оң шықты. 91 адам коронавирус пневмониясына шалдықты. Бір күнде 3 адам - коронавирустан, 2 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болды. Денсаулық сақтау министрлігінің 14 қаңтар таңертең хабарламасында осындай мәлімет көрсетілген.

Өткен тәулікте ең көп науқас Нұр-Сұлтан (123) мен Алматы қалаларында (122) тіркелген. Бір күн бұрын да жағдай осыған ұқсас болған. Атырау облысында - 75, Қостанай облысында - 74, Павлодар облысында - 70, Солтүстік Қазақстан облысында - 59, Ақмола облысында- 59, Алматы облысында - 56, Қарағанды облысында - 40, Батыс Қазақстан облысында - 40, Шығыс Қазақстан облысында 39 адамнан коронавирус анықталған. Қалған облыстар мен қалаларда бір күнде анықталған науқастар жиырмаға жетпейді.

Наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 165 311 адамға жеткен.

Айдары: Найзағай 14.01.2021 11

Қатысты мазмұн