Бельгияда Әбілязовтің сыбайласы тұтылды

none

Қашқын банкир Мұхтар Әбілязовтің сыбайласы Ботагөз Жәрдемәлі Бельгиядан алған басқын мәртебесінен айырылуы мүмкін. Бұл жөнінде Brussels Post News басылымы жазды.

Гәп мынада: мамандығы заңгер Ботагөз Жәрдемәлі бұрын БТА банктің атқарушы директоры қызметін атқарған. Оның бұл қызметке көтерілуінің себебі – ол Әбілязовпен өте жақын қатынаста болған. Тіпті, Әбілязов 2000-шы жылдардың басында Қазақстандағы түрмеде отырғанда Ботагөз оны бірнеше мәрте «зонаға» іздеп барған... Әбілязов түрмеден шыққан соң, яғни Ержан Тәтішевті тапсырыспен өлтірткен соң банк тізгінін қолына алды. Ол Тәтішевтің кадрларының бәрін ысырып, банктің менеджерлер құрамына өзіне жақын адамдарды алды. Соның бірі – Ботагөз Жәрдемәлі.

Мұхтар Әбілязов шетелге қашқанда БТА банктен ақша жымқыруға қатысы болған менеджерлерді өзімен бірге ала кетті. Осылайша ол қылмысын жасырмақшы болды.

Бельгиядағы Ботагөз Жәрдемәліге қатысты дау Англияда болған оқиғадан туындайды. Оқырманның есінде болса, Мұхтар Әбілязов БТА банктен ұрлаған ақшаның бір бөлігін Англияға жасырған, Лондоннан қымбат үйлер, табысты компаниялардың акцияларын сатып алған. БТА банктің талабы бойынша Әбілязовке қарсы Лондонда сот өткенде судья экс-банкирге Англия аумағындағы активтерінің тізімін беруді талап етті. Бірақ, Әбілязов бұл талапты орындамады, ол сол үшін - «сотты сыйламағаны үшін» 22 айлық түрме жазасына кесілді. Жазадан құтылу үшін Әбілязов түн жамылып Лондоннан қашып кеткен еді... Бельгиядағы дау тура осы оқиғамен байланысты. Лондон жоғарғы сотынан Әбілязов жасырып қалған активтерді Англия аумағынан алып шығып, жасырып тастауға атсалысқан Ботагөз Жәрдемәлі болып тұр.

Le Soir басылымының жазуынша, полиция Ботагөз Жәрдемәлінің Брюссельдегі хан сарайындай пәтеріне тінту жүргізгенде, оның үнемі Әбілязовтен мол ақша алып тұрғаны анықталды. Сондай-ақ, Ботагөз Жәрдемәлі офшордан жасырын компаниялар құруға белсене кірісіп, Лондон соты құрсауламақшы болған Әбілязовтің Англиядағы активтерін жасыруға қатысқан, ол осы қызметі үшін әлгі компаниялардың акциясынан үлес алып отырған. Бельгия Англия аумағында болған осы алаяқтық іске қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Бұған дейін, өткен аптаның басында Парижде тұратын Мұхтар Әбілязовті Францияның құқық қорғау органдары тергеуге алып, ол екі күн қамауда болды. Экс-банкирдің адвокаты таратқан там-тұм мәліметті сараптасақ, Әбілязовке қатысты тергеу де оның Англиядағы қылмыстық әрекетімен байланысты.

Еуропа елдері өз аумағына тыс жерде болған қылмысты да сот қарауына ұсына береді. Бұған дейін Швейцария Әбілязовтің күйеубаласы Ілияс Храпуновқа азаматтық беруден бас тартқан. Оған себеп Ілияс Храпуновтың Түркияда төбелес шығарып, бір адамға ауыр дене жарақатын салуы еді. Ал Бельия Ботагөз Жәрдемәліні Әбілязовтің Англиядағы активтерін алып шығып офшорға жасырғаны үшін тергеуге алды. Егер бұл ісі сотқа жетсе, онда Б.Жәрдемәлі босқын мәртебесінен айырылуы заңды құбылыс.

Берік Мыңжасар

Айдары: Түтін 19.10.2020 135

Қатысты мазмұн