Астана қаласында сотталушы Азамат Аязбековтің жазықсыз екендігін айтып, бұл қылмыстық істің ақ-қарасын ажыратып, түрмеден босатуды талап еткен анасы мен әйелі биік құрылыс кранының басына шығып алып, жеті тәулікке жуық наразылық білдірді. Ақыры Қазақстанның Бас прокуратурасы Азамат Аязбековтің заңсыз сотталғанын мойындады.
«Ақша бопсалады және билік өкілдеріне қарсылық көрсетті» деген айыппен жеті жылға сотталған 26 жастағы Азамат Аязбеков «жазасын» түрмеде өтеп жатыр....