Әбіләзовтың компаниясына қатысы бар жер телімдері мемлекетке қайтарылды

none

Жамбыл облысы азаматтық істер жөніндегі сот алқасы Қордай ауданы тұрғындарының жер учаскелерін «БТА банкке» кепілге беруді заңсыз деп тапты.

«БТА Банк» мен «Қазэксим» ЖШС 2006 жылы редиттік шарт негізінде жалпы көлемі 14 мың гектардан асатын 16 жер учаскесі «Қазэксим» ЖШС-нің қарызын қамтамасыз ету үшін банкке кепілге берілген. Жер пайдаланушылары 2010 жылы қыркүйек айында несие шарты мен жер учаскелерінің кепілге берілгені туралы білген. 2010 және 2017 жылдардағы сот үкімдерімен «Қазэксим» ЖШС бас директоры, М.Әбіләзов және басқа да ұйымдасқан топ мүшелері сотталды. Олардан Банк пайдасына материалдық залалдың едәуір бөлігі өндірілген, деп жазады Orda.kz порталы.

«Борышты қайтару бойынша өз міндеттемелерін орындамауына байланысты 2011 жылы Жамбыл облысының прокуроры «БТА Банкі» АҚ-ның мүддесі үшін сотқа талап арызбен жүгінген. 2011 жылғы соттың шешімімен "Қазэксим" ЖШС-нен банктің пайдасына жауапкерлердің мүлкінен өндіріп алу жолымен 3 млрд.теңгеден астам қарыз өндірілді. 2016 жылдың қыркүйек айында ЖСО атқарушылық іс жүргізу өндірісі қозғалып, «Қазэксим» ЖШС кепілге қойылған мүлкіне өндіріп алу бойынша атқарушылық әрекеттері жасалды. 2018 жылы аукциондық сауда-саттық жүргізіліп, оның нәтижелері бойынша 5 жер учаскесі сатылып кеткен. Сот алқасы 2018 жылғы сот шешімі заңсыз деген шешімге келді, себебі ол жер учаскелері «Қазэксим» ЖШС-не заңсыз берілгенін анықтап, осыған байланысты жер учаскелері Қордай ауданының тұрғындарына қайтарылуға жатады деп тапты» делінген хабарламада.

Істің егжей-тегжейіне қарағанда, Жамбыл облыстық соты бұған дейін бизнесмен Мұхтар Әблязов басқарған «Казэксим» ЖШС жер телімдерін заңсыз алғанын анықтады. Барлығы банк пен компания арасындағы кредит келісімнен басталды. 2006 жылы «Казэксим» ЖШС ауданы 14 мың гектардан асатын 16 жер телімін БТА банкке кепілге заңсыз берген. Жердің шын меншік иелері бұл туралы 2010 жылы ғана білген. Қарызды өтеу бойынша міндеттемелерді орындамағандықтан, прокуратура 2011 жылы БТА Банкінің мүддесін көздеп сотқа жүгінген. Сол жылы сот жауапкерлердің мүлкін беру арқылы «Казэксим» компаниясынан қаржы ұйымының пайдасына үш миллиард теңгеден астам соманы өндіру туралы шешім шығарған.

2016 жылы жеке сот орындаушылары «Казэксим» ЖШС-нің кепілде жатқан мүлкіне тыйым салып, екі жылдан кейін компанияның бес жер телімі аукцион арқылы сатылған. Сот алқасы 2018 жылғы сот шешімін заңсыз деп таныды, себебі жердің ЖШС-ге өтуі заңсыз болған.

Жамбыл облыстық сотында Тараз қалалық сотының шешіміне қатысты прокурордың апелляциялық шағымы қаралды. «Шешім "Ногайбай-Kazexim" ЖШС-нің жеке сот орындаушыларының электрондық аукцион қорытындысы бойынша хаттамаларды заңсыз деп тану және күшін жою әрекеттеріне шағымын қанағаттандырудан бас тартуға қатысты», - деп түсіндірді соттың баспасөз қызметі. Сотта 2010 және 2017 жылдары Әблязов пен «Казэксим» компаниясының басқа басшылары сотталып, олардан банк пайдасына материалдық шығын өндірілгені атап өтілді.

Айдары: Түтін 20.04.2024 39

Қатысты мазмұн